Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде зияткерлік ойын өтеді!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде зияткерлік ойын өтеді!

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 2 тамыз күні, Семей қаласындағы «Абай Арена» кешенінде еліміздің барлық өңірінен 180 команданың қатысуымен «ABAI QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтеді.

Ойынның мақсаты — жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ Абай мұрасын насихаттау.

Қатысу шарттары:

• 18-35 жас аралығындағы жастар;

• 6 адамнан тұратын команда;

• Біркелкі киім стилі;

• Қатысу — тегін;

• Тіркелу мерзімі — 2025 жылғы 25 шілдеге дейін

• Тіркелу сілтемесі: @qazaq_quiz парақшасында

Бас жүлде — 1 000 000 теңге!

Байланыс: Ақнұр Асхатқызы — +7 777 279 10 15

Толық ақпарат: @qazaq_quiz