Семейде Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған бағдарлама таныстырылды

Семейде Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған бағдарлама таныстырылды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз маслихаты өтті. Басты тақырып – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы.

Өңірлік коммуникациялар алаңында Ұлы тойға дайындық жайында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов баяндады.

«Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – халқымыздың рухани жаңғыруындағы маңызды белестердің бірі. Осыған орай, Семей қаласында 1–10 тамыз аралығында мерекелік онкүндік аясында халықаралық және республикалық деңгейдегі ауқымды мәдени, әдеби, спорттық және қоғамдық шаралар ұйымдастырылады», - деді Бекжан Бапышев.


Барлық іс-шаралар кең ауқымды қатысумен, жоғары деңгейде өткізіледі деп жоспарлануда.