Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Семей қаласында сумен жабдықтау және су құбыры жүйелерін жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары бірнеше учаскелерде жүргізілуде. Бұған қоса, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы су құбыры желілеріне де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесіне қатысты да маңызды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта ұзындығы 1,5 шақырым болатын №2 кәріз коллекторына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен және тұрақты кәріз жүйесімен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі. Бұл жай ғана инфрақұрылым емес, бұл халықтың тұрмыс сапасының көрсеткіші. Әр жұмыс белгіленген мерзімде, нақты кесте бойынша орындалуы қажет. Біз тұрғындар күткен нәтижеге қол жеткізуіміз керек», – деді Бекжан Бапышев.
Жөндеу жұмыстары белгіленген жоспар мен кестеге сәйкес жалғасуда.