Семей қаласында Ұлттық домбыра күніне орай «Даланың үні – домбыра» мерекелік концерті өтті.
Ұлтымыздың ұлы мұрасын ұлықтаған шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Айбек Бекбосын, ҚР мәдениет саласының үздіктері Қадылбек пен Маржан Омаровтар және қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары сахна төріне шығып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Кеш барысында күмбірлеген күй төгілді, термелер тербеліп, сырлы жырлармен көрерменнің жүрегі тербелді.
Домбыраның шанағынан төгілген әрбір әуен – ел тарихының, ұлт рухының, қазақтың болмысының үніндей әсер қалдырды.