Кезекті азаматтарды жеке қабылдау өтті

Кезекті азаматтарды жеке қабылдау өтті

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар электр желісі, жол жөндеу, тұрғын үй, жер, абаттандыру, жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

«Бүгінде азаматтарды қабылдағаннан кейін тұрғындардың жағдайымен және көтерілген мәселелерімен тереңірек танысу мақсатында көшпелі кеңестер өткізіп келемін. Себебі қабылдауда айтылған жайттар назардан тыс қалмауы тиіс. Осы бағытта тиісті бөлімдер де әр мәселені жіті бақылауда ұстауы қажет», - деді Бекжан Бапышев.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.