Водный және Восход кенті тұрғындарымен кезекті кездесу өтті

Водный және Восход кенті тұрғындарымен кезекті кездесу өтті

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Водный және Восход кенттерінің тұрғындарымен кезекті рет кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жобаларымен таныстыру. Оның ішінде электр желісі, жарықтандыру, ауызсумен қамтамасыз ету жобалары бар.

«Водный мен Восход тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамын. Көтерілген барлық мәселелер менің тікелей бақылауымда. Әр сұрақтарыңыз ескерусіз қалмайды. Мәселелерді кезегімен шешуге жұмыс істейміз», – деді.

Кездесу соңында әрбір көтерілген сұрақ пен ұсыныс назарға алынып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілетіні айтылды.