«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінде кітапхананың кішкентай оқырмандары үшін «Ерте, Ерте, Ертеде» атты ашық аспан астындағы ертегілер өткізілді.
Кітапхана қызметкері шараны аша отырып, адамның табысты болуы үшін білімді болуы қажет екенін, ал бар білімнің бастауы кітапта жатқанын, сондықтан кітап оқу, оны қайта парақтау, әр оқыған сайын жаңа қызықты оқиғалар мен көкейдегі сұрақтарға жауап іздеу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ балаларды әдеби кейіпкерлерден үлгі алып, кітаптардан өмірлік өнеге табуға шақырды.
Балалар ашық аспан астында ертегі қойылымын қойды. Қойылымда Микки Маус, Клоун, Мыстан кемпір, Қызанақ, Сәбіз және басқа да кейіпкерлер өнер көрсетті. Қатысушылар батылдық, достық пен бірліктің арқасында түрлі қиындықтарды еңсере білді. Қойылым көрермендердің қызығушылығын оятып, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында балалар ән шырқап, би биледі. Іс-шара шаттыққа, достық пен жылылыққа толы мерекелік атмосферада өтті.
Қалалық орталық кітапхана