Семей қаласы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелерімен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау құрылымдарының және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Отырыста бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған алдын алу және бақылау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы саласында ашықтықты қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар қаралды.
Жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеліп, аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді. Отырыстың қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Комиссия жұмысы алдағы уақытта да жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, халық сенімін арттыруға бағытталатын болады.