Семей қаласында терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Семей қаласында терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Семей қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2025 жылғы ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырыс өтті. Оған комиссия мүшелерімен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, халықпен, оның ішінде «тәуекел топтарына» жататын азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Ақпараттық түсіндіру топтарының қызмет барысы мен тиімділігіне талдау жасалды. Сондай-ақ өңірдің ақпараттық кеңістігінде радикалды идеологияға қарсы Қазақстан қоғамының дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарын насихаттау, алдын алу бағытында сарапшылар пулын тарта отырып, қарсы үгіт-насихат материалдарын әзірлеу және тарату шаралары талқыланды.

Комиссия мүшелері қаралған мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Отырыстың қорытындысы бойынша барлық ақпарат назарға алынып, терроризмнің алдын алу бағытында жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.