Құрметті Семей қаласының тұрғындары!
2025 жылғы 11 шілде сағат 15.00-де Әуезов даңғылы, 95 мекенжайындағы Гарнизондық офицерлер үйінің ғимаратында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Б. М. Бапышевтың қала тұрғындарымен кездесуі өткізіледі.
Кездесуге қалалық әкімдік бөлімдерінің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары және Семей қаласы мәслихатының депутаттары шақырылады.
Кездесу аяқталғаннан кейін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Сондай-ақ, кездесу басталғанға дейін сағат 14.00 - де қала әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтынын хабарлаймыз.
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді аталған кездесуге белсенді қатысуға, қызықтыратын сұрақтар қоюға және біздің туған қаламызды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз!