Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар ауызсумен қамту, жол сапасы, ойын алаңдарын орнату, қоғамдық көлік қатынасы және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.
Қабылдау нәтижесінде қала әкімінің міндетін атқарушы жауапты бөлім басшыларына тұрғындар айтқан мәселелерді мұқият зерделеп, шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.