
Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында жол, жер, кәсіп, ойын алаңы, қоғамдық көлік және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
Кездесуге 19 адам келіп, ал 1 тұрғын онлайн режимде қосылды.«Мәселелерді дер кезінде шешіп, халықпен кері байланыс орнатуды жалғастырамыз. Тұрғындар көтерген сұрақтар уақытылы, әрі заңды түрде шешілуі керек. Қоғамдық қабылдаулар мен кездесулер арқылы халықтың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешімін табу бағытында нақты қадамдар жасалуда», – деді қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қабылдау барысында.
Кездесу нәтижесінде әкім бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар берді.