Бекжан Бапышев қала тұрғындарын жеке қабылдады

Бекжан Бапышев қала тұрғындарын жеке қабылдады

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында жол, жер, кәсіп, ойын алаңы, қоғамдық көлік және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

🔅Кездесуге 19 адам келіп, ал 1 тұрғын онлайн режимде қосылды.

«Мәселелерді дер кезінде шешіп, халықпен кері байланыс орнатуды жалғастырамыз. Тұрғындар көтерген сұрақтар уақытылы, әрі заңды түрде шешілуі керек. Қоғамдық қабылдаулар мен кездесулер арқылы халықтың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешімін табу бағытында нақты қадамдар жасалуда», – деді қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қабылдау барысында.

Кездесу нәтижесінде әкім бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар берді.