2025 жылдың 20-25 маусым аралығында Таза аула «Үлгілі аула» байқауы өтеді.
«Үлгілі аула» байқауына қатысуға қажет өтінімдер 2025 жылдың 20 маусымынан 25 маусымына дейін Абай, 97, 205 кабинетте қабылданады. Конкурс көпқабатты үйлердің аулалары арасында өткізіледі.
Өтінішке қоса берілуі керек:
Үлгі бойынша өтініш (1-қосымша);
Мәлімделген объектінің кемінде 5 дана көлеміндегі фотосуреттері.
Конкурстың қорытындысы 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін шығарылады. Хабарландыруға конкурстың шарттары 5 бетте қоса берілген.