Осыған дейін әлеуметтік желілерде Семей қаласында халық санының 5,1%-ға азайғаны жөнінде жалған ақпарат тараған болатын. Осыған орай төмендегі ресми ақпаратты ұсынамыз:
2023 жылдың желтоқсанында Семей қаласының шеткі ауылдары толықтай жаңадан құрылған Жаңасемей ауданының құрамына енген еді. Осыған байланысты қала халқының азаюы тіркелген болатын. 2024 жылдың сәуір айында қала халқының саны 314 105 адамды құрады.
Қазір халық санының өсу динамикасы байқалуда – сәуір айының мәліметіне сәйкес Семей қаласының тұрғындар саны 314 130 адамды құрап отыр.