Қала әкімінің міндетін атқарушы ПИК өкілдерімен кездесу өткізді

Қала әкімінің міндетін атқарушы ПИК өкілдерімен кездесу өткізді

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында көпқабатты үйлердің аулаларын таза ұстау, сенбіліктер өткізу және қоқыс контейнерлерінің жетіспеушілігі мәселелері көтерілді.

«Қаланың тазалығы мен тұрғындардың өмір сүру сапасы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Егер қандай да бір көмек қажет болса, әкімдік тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Бекжан Бапышев.

Жиын қорытындысында кооператив өкілдері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.