Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

4 маусым – елдігіміз бен тәуелсіздігімізді айшықтайтын ерекше күн. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – еліміздің басты құндылықтары, халқымыздың бірлігі мен рухының символы.

Рәміздер – ұлттың жүрегі, елдің айбыны. Олар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімдерді қалыптастырады. Сондықтан рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті парызы.

Осы мерекелі күні баршаңызға бейбіт өмір, бірлік пен татулық, елімізге тұрақты дамуы мен жарқын болашақ тілейміз!

🇰🇿
 

Еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!

Ізгі ниетпен,
Бекжан Бапышев