Семей бүлдіршіндері Ертіс өзенінде кемемен серуендеді

Семей бүлдіршіндері Ертіс өзенінде кемемен серуендеді

Семей қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге арналған ерекше шара ұйымдастырылды.

Балалар Ертіс өзенінде кемемен серуендеп, шат-шадыман көңіл күйге бөленді. Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысты.

Кеме үстінде балалар үшін көңілді аниматорлар ойындар ұйымдастырып, түрлі қызықты бағдарламалар өткізілді.

Мерекелік серуен барысында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, керемет көңіл күй сыйланды. Балалар үшін бұл күн есте қаларлық, қуаныш пен шаттыққа толы болды.