Семей қаласында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда алаңдардан 31911,7 текше метр қоқыс шығарылды.
Бұл жұмыстарға күн сайын 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылуда. Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді белгіленбеген және рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамауға шақырамыз! Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қаламыздың көркіне нұқсан келтіреді.
Семей – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза да көрікті ету – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.
Тазалықты бірге сақтап, туған қаламызға жанашырлық танытайық!