Мәдениет пен өнер саласына құрмет көрсетілген ерекше кеш

Мәдениет пен өнер саласына құрмет көрсетілген ерекше кеш

Семейде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...» атты авторлық әндер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Шараға Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев, қалалық мәслихат төрағасы Айболат Бекжасаров, мәдениет және өнер саласының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Фестиваль – ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген талант иелеріне деген шынайы құрметтің көрінісі. Сахна төрінде өнер көрсеткен әрбір орындаушы – халқымыздың рухани байлығы мен мәдени құндылықтарын дәріптеуші тұлғалар.

«Бүгінде Семей қаласында мыңнан астам мәдениет және өнер саласының қызметкерлері еңбек етуде. Қалада 17 мәдениет және өнер нысаны халыққа қызмет көрсетіп отыр. Бұл – мәдениет саласының әлеуетін көрсететін маңызды көрсеткіш», – деді Бекжан Бапышев.

Фестиваль аясында қала мәдениетінің дамуына үлес қосқан сала мамандарына «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» медалі мен Құрмет грамоталары табысталды.