Акимат города Семей
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
24 июня 2026
Семейде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті

Семей қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласына жаңадан келген жас мамандар – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Мейрамбек Социалов пен экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Даяна Садуақасова салтанатты түрде ант қабылдады. Жиында сөз сөйлеген қала әкімі мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызына тоқталып, бұл салада еңбек ететін мамандардың жауапты әрі абыройлы қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

«Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген қанатты сөзі бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл – мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызын айқындайтын терең ой. Білім мен біліктілік, тәжірибе мен кәсібилік маңызды болғанымен, елге адал қызмет ету, халықтың сенімін ақтау, жауапкершілікті жоғары қою – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты қағидаты. Бүгінде Семей қаласы әкімдігі жүйесінде 250-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламалар мен маңызды жобаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосып келеді. Әрбір атқарылған жұмыс пен қабылданған шешімнің артында ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегі жатыр», – деді Әділет Нұрсағатұлы.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен халыққа сапалы қызмет көрсетудегі олардың рөлін ерекше атап өтті.

Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқарған бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Атап айтқанда, үздік қызметкерлерге Абай облысы әкімінің Алғыс хаты, Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.

24 июня 2026
Семейде Қазақстан Республикасының Полиция күні аталып өтті

Бейбітшілік аралында Қазақстан Республикасының Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев, Семей қаласы полиция басқармасының бастығы Абай Бақтияров, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.

«Семей қалалық полиция басқармасында мыңға жуық қызметкер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тәулік бойы қызмет атқаруда. Олардың әрқайсысы – өз ісіне адал, кәсіби білікті және антқа берік мамандар. Әсіресе мерекелік және бұқаралық іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бар күш-жігерін жұмсайды. Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін», – деді қала басшысы.

Мерекелік шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкерлері Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

22 июня 2026
Баспасөз хабарламасы

2026 жылдың 26 маусымында сағат. 10:00 сағ., 12:00 сағ., және 14:00 сағ. өтетін «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау».

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.  

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймыз

Сағат 10:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.

https://zoom.us/j/93162026131?pwd=cG9Y5LaTr4bE4tTQ3iJOyKK5iz41sP.1

Еvent-кеңестің нөмірі: 931 6202 6131

Еvent-кеңестің паролі: 2026  

Сағат 12:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.

https://zoom.us/j/98689099685?pwd=TUr4pdqdtpK0EaVCJHo8OA9noKaqPz.1

Еvent-кеңестің нөмірі: 986 8909 9685

Еvent-кеңестің паролі: 2026  

Сағат 14:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.

https://zoom.us/j/97968668724?pwd=33f0zabYGlhC14LNxDeikr5nw4CEPk.1

Еvent-кеңестің нөмірі:979 6866 8724

Еvent-кеңестің паролі: 2026      

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

22 июня 2026
БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады.

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

Кездесуде Сіз:

  • БЖЗҚ-ның қандай цифрлық сервистері салымшыларға/алушыларға қолжетімді екенін және оларды қалай пайдалану керектігін;
  • жеке кабинетте және мобильді қосымшада зейнетақы қызметтерін қалай алуды, зейнетақы жинақтарының жай-күйін бақылауды, берілген өтініштердің мәртебесін қадағалауды және т. б.;
  • болашақ зейнетақы төлемдерін бағалауға және зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлауға көмектесетін «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспары» сервистері қалай жұмыс істейтінін;
  • БЖЗҚ-ның ресми сайты, Telegram-бот және Қормен өзара іс-қимыл жасаудың басқа да цифрлық арналары қандай мүмкіндіктер беретінін;
  • алаяқтар ең көп таралған алаяқтық схемаларының қандай түрлерін қолданатынын және алдау әрекеттерін қалай тануға болатынын;
  • дербес деректеріңізді, зейнетақы жинақтарыңызды және банктік ақпаратыңызды алаяқтар мен жалған делдалдардан қалай қорғауға болатынын біле аласыз.

Бұдан басқа, БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша жеке кеңес береді.

Барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері туралы өзекті және шынайы ақпарат алуға, сондай-ақ дербес деректеріңіз бен зейнетақы жинақтарыңызды алаяқтардан қалай қорғау керектігін білуге шақырамыз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! 

 

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Спорт және туризм
19 июня 2026
Семейде семсерлесуден қала чемпионаты өтті

2026 жылғы 11–13 маусым аралығында Семей қаласында кадеттер мен юниорлар арасында семсерлесуден (шпага және рапира) қалалық чемпионат өтті.

Жарыс бағдарламасы бойынша:

11 маусым: Юниорлар арасында шпага және рапира бағдарламалары бойынша жекелей жарыстар ;

12 маусым: Кадеттер арасында шпага және рапира түрлерінен жекелей жарыстар ;

13 маусым: Юниорлар мен кадеттер арасында шпага және рапира түрлерінен командалық есептегі қорытынды сайыстар өтті.

Спорттық іс-шараға барлығы 71 спортшы қатысты.

19 июня 2026
Маңызды жаңалық!

Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Акция Абай облысы, Семей қаласы,  Абая көшесі 86, (Абай кітапханасында)

2026 жылдың 24 маусым күні сағат 17-00 ден бастап өтеді.

Мемлекеттік органдар, қаланың заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

18 июня 2026
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.

Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.

Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.

Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.

Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.

Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.

ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.

 

[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер

медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.

Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған.

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Спорт және туризм
17 июня 2026
Әкелер күніне арналған тоғызқұмалақ турнирі өтті

2026 жылғы 15–16 маусым күндері Әкелер күніне орай тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа барлығы 28 ойыншы қатысты, оның ішінде 8 әке және 20 оқушы бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша әкелер арасында:

I орын – Құмбаев Ерболат;

II орын – Төребаев Ренат;

III орын – Әбдікерімов Серік;

III орын – Искаков Мұхтар.

Оқушылар арасында:

I орын – Молдабеков Ақжүрек;

II орын – Хасен Ерсұлтан;

III орын – Мамтимен Сәлима;

III орын – Берікқанов Ердос.

Кіші жас санаты бойынша:

I орын – Нұртөлеу Сымбат;

II орын – Сәулетбек Нұрали;

III орын – Қапанова Іңкәр;

III орын – Жақыпбаева Айзере.

Спорт және туризм
17 июня 2026
Жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан қалалық чемпионат өтті

2026 жылдың 12-13 маусым күндері Семей қаласындағы «Спартак» стадионында 2010 жылы туған және одан үлкен, сондай-ақ 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан қалалық чемпионат ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шараға 72 спортшы қатысты.

 

Спорт және туризм
17 июня 2026
: Балаларды қорғау күніне арналған грек-рим күресінен қалалық чемпионат өтті.

2026 жылдың 10-11 маусым аралығында Семей қаласында Балаларды қорғау күніне орай 2014–2015 және 2016 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен қалалық чемпионат ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шараға 100-ге жуық спортшы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша 16 салмақ дәрежесінде 16 жеңімпаз анықталды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты