
«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
Семей қаласында 1588 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде:
орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғаны - 1346 үй;
орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмағаны - 223 үй.
Аталған тұрғын үйлерге барлығы 626 басқару органы мен сервистік ұйым қызмет көрсетеді, оның ішінде:
МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) - 151;
ТББ (Тікелей бірлескен басқару, 16 пәтерге дейінгі үйлер) - 141;
ПИК (Пәтер иелері кооперативі), ӨПИК (Өндірістік пәтер иелері кооперативі) - 149;
ТК (Тұрғын үй кооперативі) - 4;
Сервистік ұйымдар (ЖК, ЖШС, ӨК) - 97.
Басқару органы жоқ, бірақ үй бойынша жауапты тұлғалары (үй үлкендері) бар үйлер саны - 97, оның ішінде:
Ресми түрде апатты деп танылған үйлер - 49;
Тозығы жеткен деп танылған үйлер - 16.
2026 жылғы ақпан айында 8 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 5 үй ресми түрде апатты деп танылды.
Сондай-ақ 2026 жылғы маусым айында тағы 10 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталды. Шарт талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі - 30 күнтізбелік күн.
Бүгінгі таңда жер учаскесіне акт рәсімдеуді қоса алғанда, 752 көппәтерлі тұрғын үйде кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу жүргізілген. Тұрғындардың өтініштері негізінде жыл сайын бюджет қаражаты есебінен орта есеппен 36 кондоминиум объектісі рәсімделеді.
2026 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үйде кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша аталған жұмыстарды орындау үшін мердігер ұйым анықталды.
Сонымен қатар бөлім мамандары «Е-өтініш» бағдарламасы арқылы келіп түскен өтініштерді күн сайын қарайды. 2026 жылдың 6 айында барлығы 260 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауаптар берілді.
Бұдан бөлек, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылы қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттерді, эскалаторларды, газ резервуарлық қондырғыларды) есепке қою, сондай-ақ лифттер мен газ резервуарлық қондырғыларды орнату жобаларын келісу бойынша мемлекеттік қызметтер алуға 140 өтінім түсті.
Бүгінгі күні 56 лифт есепке қойылып, қауіпті техникалық құрылғыларды орнатуға арналған 52 жоба келісілді.
Сондай-ақ бөлім мамандары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және басқару нысанын құру мәселелері бойынша пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен 44 жиналыс өткізді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы бөлім мамандары Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірлесіп, қаладағы газ толтыру пункттерінің қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталған жұмыстар туралы ақпарат ресми Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Сонымен қатар екі қабаттан жоғары көппәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарға жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылға арналған тұжырымдамасы аясында кезекте тұрған азаматтарға «2-10-20» және «5-10-20» сияқты мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға болады. Бағдарлама «Отбасы Банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап, бүгінгі күнге дейін 84 тұрғын-үй сертификаты берілді.
2025 жылы желтоқсан айында кезекте тұрған азаматтарға 327 пәтер алынды. Бүгінгі таңда, 294 кезекте тұрған азаматтармен жалға алу келісім шарттары жасалды.
2026 жылы «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылды, бұл бағдарлама бойынша 30 адам тұрғын үй алды. Бағдарлама шарттары: жасы 35-ке дейін, оның ішінде тұрғын үйге меншік құқығының болмауы және міндетті түрде тұрғын үйге кезекте тұру қажет.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап бүгінгі күнге дейін 121 азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендірді.
2026 жылы мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою секторы Семей қаласы әкімінің мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) және ақшалай өтемақы төлеу туралы 6 талап-арызын сотқа жолдады, оның ішінде екі іс 2025 жылдан өтпелі болып табылады.
Олардың ішінде 4 сот шешімі заңды күшіне енді, оның ішінде:
2 шешім - Конгресс-холл құрылысы бойынша (талап қою талаптары қанағаттандырылды);
2 шешім - 300 келушіге арналған емхана құрылысы бойынша (талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды).
Қаралу сатысында 2 - іс бар:
1 іс - Конгресс-холл құрылысы бойынша;
1 іс - мектеп құрылысы бойынша.
Конгресс-холл құрылысына қатысты 5 іс кассациялық сотта қаралып, төменгі сатыдағы соттардың шешімдері өзгеріссіз қалдырылды.
1) Әкімдіктің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №29 «Мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысына сәйкес Конгресс-холл салу үшін 85 жер учаскесі алып қойылуға жатады.
Бүгінгі таңда 84 жер учаскесі бойынша бағалау жүргізілді, 1 жер учаскесі бойынша мұрагерлік құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде:
Осылайша, 2026 жылы жұмыс барысында 6 жер учаскесі қалды.
Сот өндірісінде болған 5 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша сот шешімімен өтемақы сомасы 133 873 332 теңгені құрады, аталған қаражат бюджеттен бөлінді. Оның ішінде:
Аталған қаулыларды орындау жұмыстары жалғасуда.