2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Семей қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 10005 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 4964 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 263 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қаласы мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 11 сайлау округі бойынша:
Есильканов Вагиз Мухтарович үшін сайлаушылардың 1051 дауысы берілді,
Толеуханов Арман Нуриевич үшін сайлаушылардың 3225 дауысы берілді,
Уалиев Азамат Жакыпбекович үшін сайлаушылардың 533 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 61;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қаласы мәслихаттың депутаты болып сайланды:
№ 11 сайлау округі бойынша – Толеуханов Арман Нуриевич, 1987 жылы туған, ИП "Толеуханов" директоры, Семей қаласы.
Семей қаласы
аумақтық сайлау комиссиясы