Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

жоба

Семейқаласында стационарлық емес сауда объектілерінорналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген)Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсынжәне бекітілсін.
2. «Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 722 қаулысының(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7149 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
4. Әкімдік қаулысы орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Семей қаласының әкімі                                                   Б. Байахметов

Дата публикации
29 ноября 2021