Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көркейту және ТҮКШ

2026 жылдың І тоқсан бойынша абаттандыру жөніндегі ақпарат.

«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ алаңдарды, саябақтар мен скверлерді күтіп - ұстау бойынша конкурстық рәсімдер 2025 жылғы 2 желтоқсанда өткізілгенін хабарлайды. Байқау қорытындысы бойынша «Зеленстрой Семей» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Кәсіпорын 39 алаңдар, саябақтар мен скверлерге күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетеді. Қыс мезгілінде күн сайын аумақтарды, скверлерді, саябақтарды және қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді, соның ішінде құмды механикаландырылған сыпыру, аумақты қолмен тазалау және сыпыру, қар қалдықтарын жуу, шығару, еріген суларды тазалау, қоқыс салатын жәшіктерді тазалау және басқа да жұмыстар түрлері. Қыс мезгілінде алаңдардан 21 050 м ³ қар шығарылды.

Қаланы жылумен жабдықтау «Теплокоммунэнерго» МКК-ның 21 қазандығымен және ТЭЦ-1 жүзеге асырылады. 74 орталық жылу пункті бар. Барлығы 96 қазандық агрегаты бар. Жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырмен есептегенде 346,71 км құрайды.

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына жылу көздері мен жылу желілерін дайындау үшін жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде орындалды, бұл жылыту маусымын 2025 жылғы 29 қыркүйектен бастауға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда «Қаражыра» АҚ-нан «Теплокоммунэнерго» МКК-ға 408 135 тонна көмір жеткізілді.

Орта есеппен «Теплокоммунэнерго» МКК тұйықтарына тәулігіне 30-35 вагон келіп түсті. Жылумен жабдықтаушы кәсіпорынның атына көмір тиеу үздіксіз жүзеге асырылды. Көмір сатып алу үшін бюджеттен 720,431 млн. теңге бөлінді.

Жылумен жабдықтау объектілерінде уақтылы орындалған жұмыстардың және тұрғын үй қорын дайындау сапасына қойылатын жоғары талаптардың нәтижесінде ағымдағы жылыту маусымында тұтынушылар тарапынан шағымдар саны айтарлықтай азайды.

Жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеді. Жылу желілері мен жылу көздерінің жабдықтарындағы авариялық жағдайлар жергілікті сипатта болды және нормативтік мерзімде жойылды.

 Жалпы жылумен жабдықтау жүйесінде апаттылық өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 15,8% -ға төмендегені байқалады.

Жылу көздерінде 46 жағдай тіркелген, бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 78% -ға аз.

Документы
Ақпарат
08 июля 2025
2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша абаттандыру жөніндегі ақпарат.
Қаулы
02 мая 2025
Семей қаласы бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Хаттама
27 декабря 2023
ҚТҚ нарығына қатысушыларды айқындау жөніндегі конкурстың (тендердің) қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Семей қаласы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша көрсетілетін қызметтің жабдықтаушысын анықтауға тендер өткізу жөніндегі хабарландыру
Сумен жабдықтау жзне су бұру желілеріне қосылу зрекетінің алгоритмі:
2021 жылғы 1 сәуірге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
"Келешек" МЭП МКК"
Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығына негізделген «Семей Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты