

2026 жылғы 1 тоқсанда ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыс туралы
2026 жылғы І тоқсанда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі (ЖӨК) 3 723,0 млн. теңгені, нақты көлем индексі (НКИ) 119,0 % құрап, өсу қарқыны 154,4 % болды.
Негізгі капиталға 869,3 мың теңге инвестиция салынып, өсу қарқыны – 192,0 % құрады.
3,2 мың тонна ет (122,3%), 0,6 мың тонна сүт (101,6%), 145,0 мың дана жұмыртқа (102,1%) өндірілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ - 5,2 мың бас, ҰҚМ - 4,7 мың бас, жылқы 2,2 мың бас, құс 644,1 мың басты құрады.
43,2 млрд. теңге сомасына тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеу өнімдері:
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарланған егіс алқабы 2 500 га, оның ішінде 1 900 га картоп және 600 га көкөніс-бақша дақылдары құрап отыр.
Негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылы қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы субъектілерінің қатысуымен қаланың әр аудандарында 7 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 46,8 млн. теңгеге 42,4 тонна өнімі сатылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде шаруашылық субъектілерімен арнайы техниканың тиісті құжаттарын тіркеу және ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп, жеке және заңды тұлғаларға 546 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2026 жылы жалпы өнім көлемінің жоспарын 106,2% өсу қарқынымен 39,2 млрд. теңгеге орындау күтілуде.
Осы кезеңде құны 4,1 млрд. теңгеге «Агролидер KZ» ЖШС-нің «Бұршақ және басқа да дақылдарды өңдеу және қауыздау цехының құрылысы» бойынша 1 жоба іске асырылып, 80 жұмыс орны құрылды.
2 инвестициялық жоба іске асырылуда.
"Тәулігіне 200 тонна өсімдік майын шығаратын" QAZAQ-ASTYQ GROUP "ЖШС тазартылған күнбағыс майын құю және қаптау желісі бар цехының құрылысы.
Жобаны іске асыру 2024 - 2026 жылдар, жобаның құны 7,2 млрд. теңге, меншік және несие қаражаты. Нысанның құрылысы аяқталып, тазарту желісінің жабдықтарын монтаждау жұмыстары басталды.
Өндірістік қуатқа шығу - 2026 жылғы тамыз айы, 108 жұмыс орны құрылады.
Өндірісті кеңейту мақсатында Шығыс Қазақстан ұн тарту-құрама жем комбинаты «Тазартылмаған өсімдік майын өндіру цехының құрылысы» жобасын іске асыруда. Жобаның құны 370 млн. теңге - өз қаражаты. Пайдалануға беру - 2026 жылғы қараша айы.
ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап бөлімнің функциясына қаңғыбас жануарларды реттеу функциясы беріліп, бүгінгі күні осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.