
Семей қаласында жалпы ұзындығы 756 км болатын 1 179 көше бар. Абай облысы құрылғанға дейін қала жолдарының тек 36%-ы, яғни 272,16 км асфальтбетон жамылғысымен қамтылған болатын.
2024 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 47%-ға (355,32 км) дейін ұлғайтылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша асфальтталған жолдардың үлесі 51%-ға жеткізілді.
2025 жылы атқарылған негізгі жұмыстар
Қарағайлы ықшамауданында салынған жаңа көше Омбы – Майқапшағай автомобиль жолын Энергетик ықшамауданымен байланыстыратын болады. Қазіргі уақытта аталған учаскеде жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізілді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1 060 ағашқа санитарлық және қалыптастырушы бұтақ кесу жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық көлік жүйесі
Қаланың маршруттық желісіне сәйкес Семей қаласында 44 қалалық және қала маңы бағыттары (маршруттары) жұмыс істейді. Маршруттарға қызмет көрсету жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс күндері желіге 330 көлік бірлігі, ал сенбі, демалыс және мереке күндері 253 көлік бірлігі шығарылады.
Тасымалдар үлкен, орта және шағын сыйымдылықтағы автобустармен жүзеге асырылады.
Қалалық маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар
Қала маңы бағытына «АрМад» ЖК қызмет көрсетеді.
Жылжымалы құрам (жоспарлы шығу)
Күн сайын жоспар бойынша желіге 330 жылжымалы құрам бірлігі шығуы тиіс, оның ішінде:
2025 жылғы 1 тамыздан бастап 10-шы Юность тұйық көшесі – туберкулез диспансері бағытындағы №10 маршрут ұйымдастырылды.
График саны — 10 бірлік.
Қозғалыс аралығы:
Маршруттар бойынша қозғалыстың орташа тұрақтылығы 75–80% деңгейінде. Семей қаласында жолаушылар тасымалына қатысатын барлық автобустар GPS-трекерлермен жабдықталған (қозғалысты «Bus Report» стационарлық бағдарламасы және «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігі бар).
Сонымен қатар барлық автобустар валидаторлармен жабдықталған, бұл жолаушыларға жолақыны электрондық түрде немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге мүмкіндік береді.
Көлік қолжетімділігі мен экологиялық талаптарға сәйкес, сатып алынатын үлкен сыйымдылықтағы барлық автобустар мүгедектігі бар азаматтарға бейімделген.
Жылжымалы құрамда аялдамаларды автоматты түрде дыбыстау жүйесі, бейнебақылау камералары, сондай-ақ онлайн бейнежазба тарату жүйесі ұйымдастырылған.
Автобус паркін жаңарту
Жолаушылар ағыны
2025 жылы барлығы 47 824 532 жолаушы тасымалданды, оның ішінде:
Семей қаласына облыс орталығы мәртебесі берілген 2022 жылдан бастап жолаушылар ағынының өсуі келесідей қалыптасты:
Жолаушылар санының тұрақты өсуіне байланысты субсидия көлемінің тапшылығы сақталуда.
2026 жылға жоспар
Жолаушылар мен багажды тасымалдау сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша шарттық міндеттемелерді орындау үшін тасымалдаушыларға ресми хаттар жолданды:
2026 жылға жалпы 59 автобус сатып алу жоспарланған.