Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт және туризм

 «Семей қаласында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы» АҚПАРАТ

Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты насихаттау бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты насихаттау, тұрғындардың спортпен шұғылдануларына қолайлы жағдай туғызу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

2025 жылыдың 3 тоқсанында бөлінген қаражат аясында бұқаралық іс – шаралардың  күнтізбелік жоспарына сәйкес  әртүрлі спорт түрлерінен 52 спорттық жарыс өткізілді.

 Олардың ішінде келесідей ауқымды спорттық іс-шаралар бар;

2025 жылдың 01-10 тамызы аралығында Абай Құнанбайұлының                                        180 жылдығына  арналған Бейбітшілік аралындағы этноауылда 10 спорт түрінен ашық қалалық жарыстар өткізілді.

2025 жылдың 04 тамыз күні  Абай Құнанбайұлының  180 жылдығына арналған күштік экстримнен «Семей батыры» турнирі ашық қалалық турнирі өткізілді.

2025 жылдың 07 тамыз күні  Абай Құнанбайұлының  180 жылдығына арналған Семей – Қарауыл бағытындағы 180 шақырым ультрамарафон жарысы өткізілді.

2025 жылдың 19 тамыз күні ҚР Спорт күніне арналған қаламыздың спорт саласының мамандары мен спорт ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бұдан бөлек, 2025  жылы қала тұрғындарын дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту үшін арнайы жоспар бекітіліп, қалалық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Аталған жоспарға сәйкес қалада адам көп шоғырланатын қоғамдық кеңістіктер белгіленіп, барлық жастағы азаматтар үшін «Баршаға арналған спорт» тегін жобасын іске асыру жоспарлануда. Яғни, келесі спорт түрлері бойынша сауықтыру іс – шаралары өткізіледі: CrossFit, Yoga, Zumba, Street Workout, шахмат, садақ ату, скандинавиялық серуендеу, бадминтон, жағажай волейболы, жүгіру.  Жоба 2025 жылдың  қыркүйек айының соңына дейін жалғасып, оған қала тұрғындары белсенді қатысты.

2025 жылдың 17-18 қыркүйек күндері мүмкіндігі шектеулі жандарарасында спорттың 7 түрінен қалалық спартакиада өткізілді.

2025 жылдың 22 қыркүйек күні «Баршаға арналған спорт» жобасы аясында қала күніне арналған мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында жеңіл атлетикалық эстафета, қала тұрғындарымен таңғы жаттығу және баскетбол жарысы өткізілді.

2025  жылдың 26 қыркүйек күні «Баршаға арналған спорт» және «Чемпиондық рух» жобалары аясын қала жастарының қатысуымен таңғы жаттығу өткізілді.      

2025 жылға арналған спорттық – бұқаралық іс – шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес қаланың спортшылары 12 облыстық жарыстарға іссапарға жіберіле отырып қатыстырылды.

Қаланың спорттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылы бірқатар спорт нысандарының құрылысы  жүруде.

Атап айтқанда, «Водный», «Бобровка» кенттерінде спорттық кешен құрылысы жүруде. Спорт кешендерін жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда.

Сонымен қоса, ағымдағы жылдың қыркүйек айында  «Ұшақтар» кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс басталды.

Туризм.

Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 ˗ 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дамыту және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Семей қаласы ең маңызды рекреациялық аймаққа жатады. Аумақты табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлер шоғырланған танымдық, ғылыми және этникалық туризмнің нысаны ретінде қарастыруға болады. Жұмысты нысанды түрде ұйымдастыру мақсатында Семей қаласының әкімдігімен 2020 жылы 17 наурызда № 514 «Туризмді дамытудың басым бағыттары туралы» қаулы қабылданды, онда туризмді дамытудың негізгі бағыттары: оқиғалық, мәдени - танымдық және этникалық, экологиялық, балалар - жасөспірімдер және агротуризм айқындалған.

Қаладағы мәдени-танымдық және этникалық туризм бойынша 3 киелі нысан 100 жалпыұлттық қасиетті жерлердің республикалық картасына енгізілген: Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы, «Алаш Арыстары- Мұхтар Әуезов» мұражайы және Семей сынақ полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі. Бұл нысандар жергілікті тұрғындарға, республиканың түкпіртүкпірінен және шетелден келетіндер үшін «2GIS» және «Google Maps» карталары арқылы қолжетімді.

Аталған мұражайларды жыл сайын он мыңнан астам шет ел және еліміздің азаматтары келіп тамашалайды.

«Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК 2025 жылдың қаңтар – қыркүйек айларындағы келушілер саны 32 862 адамды құрады, оның ішінде 32 695 адам резидент, резидент емес адамдар саны – 167.

«Невзоровтар отбасы атындағы  облыстық бейнелеу өнері музейі» КМҚК 2025 жылдың басынан бері 27 624 адамды құрады, оның ішінде 22 060 адам резидент, резидент емес адамдар саны – 1560.

«Семей қаласындағы Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК 2025 жылдың басынан бері 14 735 адамды құрады, оның ішінде 14 479 адам резидент, резидент емес адамдар саны – 256.

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы» 2025 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 29 993 адамды құрады, оның ішінде 29 830 адам резидент, резидент емес адамдар саны – 163.

Экологиялық туризмді дамыту үшін «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында 1 туристік - экскурсиялық экологиялық жол маршруты әзірленген.

Бүгінгі таңда Семей қаласында туристік қызмет көрсететін 20 - дан астам субъект бар, олардың 3 - і лицензияланған туроператорлық қызметімен айналысуға, туристік пакеттер құруға және сатуға, шетелдік туристерді қабылдауға құқығы бар.

Семей қаласындағы туроператорлар Семей қаласы мен оның айналасына мәдени-рухани, техникалық, спорттық ойын-сауық, білім беру, экологиялық сипаттағы экскурсиялар сияқты жобалық маршруттарды ойдағыдай іске асыруда. Жергілікті турмаршруттарға ағымдағы жылы 5 000 астам адам қатысқан, ондағы резидент емес адам саны - 100-ден астам адамды құрайды. Әлемдік нарықта қаланың тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында туристік фирмалар жыл сайын қазақстандық және халықаралық жәрмеңкелерге қатысады.

Қалада жыл сайын «S.G.Travel» туроператорлық компаниясымен бірлесіп жыл сайын «Семей – тарихтың көп қырлы бесігі» шолу экскурсиясы өткізіледі.

2025 жылдың тамыз айында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мейрей тойы аясында он күн бойы әр түрлі спорт түрлерінен ашық қалалық чемпионаттар мен біріншіліктер өткізілді. Аталған жарыстарға еліміздің барлық өңірінен спортшылар келіп қатысты және еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерден келген азаматтар аталған спорттық жарыстарды тамашалады.

2025 жылғы қаңтар - маусым айлары аралығында келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны – 37 028 адам, оның ішінде резидент – 35 150 адам, резидент еместер – 1878 адамды құрады, (мәліметтер Ұлттық статистика бюросының ресми веб-сайтынан алынды).

Сонымен қатар қаламызда туризм саласын дамытуға елеулі ықпал ететін инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:

- ТОО «Pana Complex Semey» қонақ үйінің құрылысы жүргізілуде (2026 жылы қолданысқа беру жоспарлануда, жоба құны 5,7 млрд. теңге, 105 жұмыс орынын қамтиды);

- ТОО «Semey property» қонақ үйінің құрылысы, қазіргі таңда құжаттама жұмыстары әзірленіде (2028 қолданысқа беріледі, жоба құны 7,0 млрд. теңге, 30 жұмыс орынын қамтиды).

Абай облысының туризм басқармасымен бірлесіп бекітілген аймақты дамыту жоспарына сәйкес 2026-2030 жылдары аралығында Семей қаласы бойынша мақсатты индикаторларды келесі көрсетікіштерге жеткізу жоспарлануда:

Индикаторлар

2026

2027

2028

2029

2030

Ішкі туристер саны

90 мың

95,2 мың

101,4 мың

107,2 мың

107,2 мың

Келуші туристтер саны

13 150

15 300

17 450

19 600

19 600

Бөлмелер саны (койкомест)

5000

7000

6050

11 808

11 808

Туризм саласы бойынша жұмыспен қамтылу

5600

6000

6550

7300

7300

Қазіргі таңда Семей қаласында Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Семей қаласында туризм қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Семей – Абай облысының ғана емес, бүкіл республиканың мәдени және тарихи орталығы. Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен туризм бағыты бойынша жұмыстар жүргізілу жалғастырылуда.

Документы
Ақпарат
08 июля 2025
«Семей қаласында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы» АҚПАРАТ
Түсіндірме жазба
22 сентября 2023
Семей қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесiн бекіту туралы
Ақпарат
10 июня 2022
Туризм саласында мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын іске асыру
Новости
Полезные материалы
Спорт және туризм
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Спартак" Стадионы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты