

Мәдениет мекемелерінің 2025 жылы және 2026 жылдың 1 тоқсанда өткізілген жұмыс туралы ақпарат
Қазақтың рухани дәстүрінің негізін дәріптеу, қазақстандық қоғамның ортақ құндылықтарын нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру және деструктивті, дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына төзбеушілік бағытында мәдениет мекемелерінде мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Тұрғындардың рухани дамуын және демалысын ұйымдастыру мақсатында Халықтың бос уақытын ұйымдастыру және олардың рухани дамуы мақсатында 2025 жылы мәдениет мекемелерінде жалпы саны 363340 адамды қамтитын 3500 іс-шара өткізілді.
2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша жалпы мәдениет мекемелерінде барлығы 1050 мәдени көпшілік іс – шаралар өткізіліп, оған 130100 адам қамтылды. Жалпы 1050 іс-шараға кіреді: 70 - дөңгелек үстел, 75 - танымдық сағат, 60 - ақпараттық сағат, 25 - кітап көрмелері, 787 - концерттік бағдарламалар, 33 - акция өткізілді.
Сонымер қатар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әрбір мәдениет мекемесінің жанынан қала тұрғындарының бос уақытына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралардан басқа үйірме бірлестіктері жұмыс істейді.
Қаладағы қалалық мәдениет мекемелерінде барлығы 54 үйірме бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді, қатысушылар саны 575 адам.
Тілдерді дамыту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру» аясында әзірленген жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізілуде. Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейту мақсатында балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндері арасында «Қазақшаң қалай балақай?» фестивалі, мектеп мұғалімдері арасында дәстүрлі «Алаштың алдаспаны» атта әдеби квиз және Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерін Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында сәуір айында «Көрікті өңір-көркем жарнама» айлығы ұйымдастырылды. Айлық аясында Шәкәрім, Әуезов даңғылдары, Б. Момышұлы, Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, М. Жұмабаев, А. Қозбағаров, Ә. Найманбаев, М. Дулатов, Глинка көшелері бойында орналасқан бизнес объектілеріндегі жарнама мен көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін анықтау үшін мониторинг жүргізілді. Бұл жұмысқа БАҚ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары тартылды. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, сұлулық салондары, тамақтану орындары, дәріханалар, тіс емханалары, ХҚКО т.б сияқты 200-ге жуық нысан қамтылып, «ҚР Тіл туралы» заңының талаптары түсіндіріліп, әдістемелік кеңестер беріліп, заңнама талаптары көрсетілген буклеттер таратылды.
