Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Денсаулық сақтау

Семей қаласы бойынша 40 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек – 19 ұйым, стационарлар – 16 ұйым, өзге медициналық ұйымдар – 5.

«Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйелеріне сәйкес Семей қаласының медициналық ұйымдарында 372 135 адам тіркелген, оның ішінде ересек тұрғындар – 268 155 адам, 103 980 бала.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дәрілік заттардың айналымын бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ жалған және контрафактілі өнімдерді өткізудің алдын алу мақсатында дәрілік заттардың (бұдан әрі-ДЗ) таңбалануы мен қадағалануы енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» 2024 жылғы 1 шілдеден бастап ДЗ міндетті таңбалау және қадағалау іске қосылды.

ДЗ таңбалау мен қадағалауды енгізу мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

1) дәрілік айналымға қатысушыларды тіркеуден өту тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – ТТҚ АЖ);

2) дәрілік айналымға қатысушылар болып табылатын субъектілерді ДЗ таңбалауға және қадағалауға арналған жабдықтармен жарақтандыру.

3) дәрілік айналымға қатысушылардың есептік жүйелерін ТТҚ АЖ – мен интеграциялау «Қазақтелеком» АҚ «NS Pharm» мобильдік қосымшасын пайдалану не web-интерфейсте жұмысты қамтамасыз ету www.ismet.kz. 

Қазіргі уақытта дәрілік заттарды таңбалау барлық (МФБК деректері бойынша ӘМСҚ-ның 58 жеткізушісі, оның ішінде 27 мемлекеттік) Абай облысының медициналық ұйымында іске асырылды.

Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыру бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

2024 жылғы 19 тамызда Абай облысы өңірлік штабтың отырысыда «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралған. Халық арасында «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы тегін дәрі-дәрмек беру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, сайтқа және әлеуметтік желілерге орналастыру үшін материалдар жолданды.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.

«Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.

Азамат дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі тиіс. Әрі қарай, азамат басты бетте «Әлеуметтік әмиян» бөліміне кіріп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдайды.

FaceID бойынша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О. А. Бектеновтың төрағалығымен цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссия отырысының хаттамасы шеңберінде дәрігерге баруды растау тетігін енгізу жөніндегі 3.4-тармақты орындау шеңберінде іске асырылды.

Тапсырмаға сәйкес Министрлік мақсаты медициналық ақпараттық жүйелердегі (бұдан әрі – МАЖ) медициналық қызметтердің тіркелуіне қарсы күрес болып табылатын «Медициналық қызметтердің тіркелуін болдырмау үшін технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітті. Пилоттық жоба пациенттерді қабылдауды растаудың келесі тетіктерін қамтиды:

- «Электрондық үкіметтің» «цифрлық құжат» сервисі бойынша ұсынылатын 6 таңбалы код бойынша пациентті сәйкестендіру;

- FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.

- МАЖ мобильді қосымшасын қолдана отырып пациентті анықтау.

Қазіргі уақытта Абай облысында пациенттерді цифрлық сәйкестендіру функциясын кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда. 2025 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша бұл функцияға 51 медициналық ұйым қосылған.

Кадр саясаты

Абай облысының медицина қызметкерлерінің саны - 9 500:

– дәрігерлер - 2 711 (оның ішінде мемлекеттік секторда - 1 564 адам);

– орта медицина қызметкерлері - 6 789 (оның ішінде мемлекеттік секторда - 4 848).

Негізгі бағыттар: жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, невропатологтар, неонатологтар, хирургтар, инфекционистер (балалар), дерматовенерологтар, кардиологтар, эндокринологтар, фтизиатрлар, травматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, онкологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері. Оның ішінде қалалар мен аудандар бойынша:

Денсаулық сақтау жүйесінде кадрлық проблемаларды шешу шеңберінде келесі шаралар қабылдануда: тапшылықты азайту мақсатында жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның шешімі бойынша 2024 жылы 71 жас маман (қала – 61, аудан – 10 дәрігер) жұмысқа кірісті. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді.

Жергілікті атқарушы орган гранты бойынша 2023 жылы – 22 грант, 2024 жылы - 45 грант бөлінді. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы орган гранты бойынша 67 резидент оқиды

2025 жылы жергілікті атқарушы орган гранты бойынша жұмысқа кіріседі - 9

2026 жылы – 32

2027 жылы – 21

2028 жылы – 5

Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында – 62 адам, оның ішінде: Санкт-Петербург қаласында - 52, Новосибирск - 4, Мәскеу – 6, Германия Федеративтік Республикасында (Берлин, Кельн, Эрланген, Эссен, Майнц қ.) - 14, Әзірбайжан Республикасында (Баку қ.) - 4.

2023 жылмен салыстырғанда Израиль, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының жетекші клиникаларында 63 медицина қызметкері оқытылды. Оқыту келесі бағыттар бойынша өтті: кардиохирургия, нейрохирургия, педиатрия, акушерлік және гинекология, хирургия, неонатология, анестезиология және реаниматология, мейірбике ісіндегі менеджмент, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру, сәулелік терапия және жедел жәрдем.

2025 жылы шет елдерде (Түркия, Германия, РФ) және Қазақстан Республикасы бойынша 342 медицина қызметкерін оқыту жоспарланған.

Документы
Ақпарат
21 ноября 2025
Семей қаласы денсаулық сақтау
Новости
Полезные материалы
Денсаулық сақтау
Медиагалерея
1
Тегін стоматологиялық көмекті кімдер ала алады?
0
Егер сіз үй карантинінде болсаңыз
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты