Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қамтамасыз ету

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту(2026 жылғы 01 сәуірге)

«Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 15 бюджеттік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімде 4 ведомстволық бағынысты мекеме бар:

- «Абай облысы Семей қаласының қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» КММ, штат саны 47,5 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 296 165,0 мың теңге. Күндізгі (120 төсек-орын) және түнгі (30 төсек-орын) бөлімшесі бар;

- «Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, штат саны 129,75 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 655 558,0 мың теңге. Жартылай стационарда (50 бала) және үйде (345 бала) мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетіледі;

- «Абай облысы Семей қаласының   № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ, штат саны 273,5 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 895 742,0 мың теңге. Жартылай стационарда (80 қарт адам), үйде (1200 адам) және белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесінде (600 адам) қызмет көрсетіледі.

- «Абай облысы Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ, штат саны 42 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 269 714,0 мың теңге, 25 төсек-орынға уақытша болу бөлімшесі бар.

2026 жылға 8 713 404,0 мың теңге бөлінді (ведомстволық бағыныстыларды ескере отырып), оның ішінде: облыстық бюджеттен – 3 776 891,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 4 936 513,0 мың теңге.  

Есепті кезеңде 7 300 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Әлеуметтік бағдарламалар

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтуға, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-экологиялық бейімделуіне бағытталған. Оған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, оларға қажетті әлеуметтік қызметтер көрсету. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде олардың техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, ақпараттық ортаны пайдалануда тең мүмкіндіктер жасау, материалдық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және басқа әлеуметтік маңызды қажеттіліктерді құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды оңалтуда, қажетті техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың әзірленген жеке бағдарламасын сапалы және уақтылы орындау қажет.

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Семей қалалық бөлімшесінің деректеріне сәйкес 01.10.2025 жылға Семей қаласында 13 691 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде: 1 топ – 1 901 адам, 2 топ – 4 995,  3 топ – 4 912, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1 883.

Барлық мүгедектігі бар адамдар арнайы және мемлекеттік жәрдемақы алады.

01.04.2026 жылға әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламаларының жалпы саны – 7 502.

«Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде, ағымдағы жылдың басынан бастап техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 3 044 өтініш қабылданды, оның ішінде:

  • техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен – 1 739;
  • протездік-ортопедиялық құралдармен – 408;
  • арнайы қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалар) – 75;
  • жеке көмекшінің қызметтері - 594;
  • ымдау тілі маманының қызметтері -

2010 жылдың қазан айынан бастап қалада тірек - қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге, оларды қаланың әлеуметтік маңызы бар объектілеріне жеткізуге, медициналық көрсеткіштері бар адамдарға тегін көлік қызметтерін ұсыну бойынша «Инватакси» қызметі жұмыс жасайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қалада мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету үшін, Инватакси саны 19-дан 21 бірлікке дейін өсті. Сондай-ақ, Инватакси қызметтерін түнгі сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін алуға мүмкіндік туды. «Инватакси» қызметі ілесіп жүретін адамдарды есептемегенде 290 – ке жуық мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетеді, оның ішінде «Инватакси» қызметтерін белсенді пайдаланатын 200 адам және 76 адам-тұрақты, 14 адам кемінде бір рет пайдаланды.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Инватакси» қызметі 14 428 өтінімді орындады.

«АМАNАТ» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2027 жылдарға қалалық инфрақұрылымды халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктеріне бейімдеуге – 349 нысан жоспарланған.

Бүгінгі таңда қол жетімділіктің Invagov.kz интерактивті картасына бейімделген және енгізілген - 243 нысан.

2021 жылы - 37 нысанның жоспары (53 нысан орындалды) 100%

2022 жылы - 29 нысанның жоспары (14 орындалды) 48,3%

2023 жылы - 60 нысанның жоспары (36 орындалды) 60%

2024 жылы - 87 нысанның жоспары (87 орындалды) 100%

2025 жылға - 55 нысанның жоспары (55 орындалды) 100%

2026 жылға – 53 нысанның жоспары (17 орындалды) 32%

Семей қаласы бойынша қалалық инфрақұрылымды халықтың мобильділігі төмен топтарының қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша жұмыс белсенді жалғасуда.

Халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек

Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімін орындау үшін 2026 жылы бюджет қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге 1 674 288,0 мың теңге бөлінді.

2025 жылға Семей қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімі шеңберінде өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге 30 596,0 мың теңге сомасына 235 алушыға, «адамның иммун тапшылығы вирусы» (АИТВ) диагнозы қойылған 18 жасқа дейінгі 5 балаға 1 177,2 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

207 полигондық куәлік дайындалды, 225 өтініш берушіге дәлелді себеппен құжаттардың толық емес пакеті, тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болмауы, көрсетілетін қызметті алушыда қызмет көрсету үшін ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі бойынша бас тартылды.

Семей қаласы бойынша:

  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналардың, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардың - 7300;
  • ҰОС қатысушылары-1 адам;
  • иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты ауруы бар мүгедектігі бар адамдар - 2 331 адам;
  • Чернобыль атом электр станциясындағы апаттарды жоюға қатысушыларға 1988-1989 - 53 адам;
  • 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан - 66 адам;
  • ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысушылар - 63 адам;
  • Тыл еңбеккерлері - 944 адам;
  • Басқа мемлекеттер аумағындағыевых қимылдарының ардагерлері (ауғандықтар, тәжік ауғандықтар) – 514 адам.

2026 жылға 1 674 288,0 мың теңге қарастырылған. Жергілікті бюджет - 971 085,0 мың теңге, облыстық бюджет – 703 203,5 мың теңге.

Атаулы әлеуметтік көмек

Кедейлік деңгейін төмендету негізгі басым мақсаттар мен міндеттердің бірі болып табылады, ол табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 753 отбасыға жалпы сомасы 121 380,1 мың теңгеге тағайындалды.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезеңде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6 488 теңге көлемінде қосымша төлем төленеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 164 балаға жалпы сомасы 13 704,3 мың теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем төленді.

«Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасын іске асыру үшін 2026 жылға 842 465,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 706 410,0 мың теңге, ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлемге – 136 055,0 мың теңге қарастырылған.

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі осы елді мекенде тұрақты тұратын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысының 7 пайызынан асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар болған жағдайда тағайындалады.

Тұрғын үй жәрдемақысы 57 аз қамтылған отбасыға 781,0 мың теңге сомасында төленді.

Халықтың осал топтарының әлеуметтік бейімделуі

«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2026 жылды4 01 сәуіріне - 136 адам қамтамасыз етілді. Қызмет алушыға кепілдендірілген сома (14 күн) 316 120,42 теңге. Олардың ішінде:

- мүгедектігі бар балалар - 23,

- мүгедектігі бар адамдар - 113.

2026 жылы «Қарағайлы» санаторийінің базасында санаторлық-курорттық емдеумен санаттар бойынша 125  адам қамтамасыз етілді (тыл еңбеккерлері, еңбек ардагері, жеңілдіктер бойынша кепілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ҰОС-да қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың, хабар-ошарсыз кеткендердің) қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), қаза тапқандардың отбасылары, Чернобыль АЭС-інде қаза тапқан адамдардың отбасы).

«Абай облысының Әділет департаменті» ММ-нің 2025 жылғы 03 наурыздағы № 06-12/165 - І хатын орындау үшін Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 44/234-VIII шешімімен Семей қаласының аумағында жасына байланысты зейнеткерлерге санаторлық – курорттық емдеу толығымен тоқтатылды.

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға арналған танымал маршруттар: Түркістан облысы (Сарыағаш шипажайы, Керуен шипажайы, Altyn shanyraq шипажайы, Манкент Шипа, Әсел, Манкент Дана), Абай облысы (karagaily шипажайы, Шүлбі шипажайы), Ақмола облысы (Алмаз, Нұрсат), (Павлодар облысы (Мойылды шипажайы, Ақ сиса).

Семей қаласы бойынша мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер 2 ұйымда көрсетіледі:

  – «Абай облысы Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 55 мүгектігі бар бала;

  - «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ «Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ – 14 бала, әлеуметтік жұмыс бойынша 2 маман қызмет көрсетеді.

Халықты жұмыспен қамту

Жыл басынан 3 795 адам еңбек делдалдығына жүгінді, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1 010 адам қамтылды. Тұрақты жұмыс орындарына – 455 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 477 адам (әлеуметтік жұмыс орындары – 56, жастар практикасы – 31, қоғамдық жұмыстар – 329, «Күміс жас» жобасы – 61) жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 78 адам жіберілді.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде 23 адам (6 отбасы), оның ішінде Алматы қаласының жұмыс күші артық өңірлерінен 13 адам (2 отбасы) қоныс аударушылар, Қытай Халық Республикасынан 10 адам (4 отбасы) қаңдастар көшірілді.

Бүгінгі таңда 4 656 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында Семей қаласы бойынша 1 522 жұмыс орны құрылды.

Документы
Ақпарат
12 января 2026
Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Ақпарат
08 июля 2025
Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту (2025 жылғы 01 шілдеге)
НҚА
05 июня 2025
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік қамтамасыз ету
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2023 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды
"ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ
Медиагалерея
1
Қол жетімді ғимараттар. Жалпы талаптар
6
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ
События
23 июня
«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» атты жас ақындардың онлайн жыр топтамалары
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Абай облысы Семей қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Абай облысы Семей қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты