Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қоғам

«Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 

АҚПАРАТ

«Семей қаласындағы діни ахуал»

Халық арасында терроризм мен экстремизм идеяларын қабылдамауды қалыптастыру жөніндегі ішкі саясат бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі, бейінді құзыретті органдар ұсынған тетіктер мен әдістемелер арқылы және қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның шешімдерімен және мүдделі органдарымен тығыз өзара іс-қимылда (полиция қызметі экстремизмге қарсы күрес бөлімі, Дін проблемаларын зерттеу орталығы, ҰҚКД келісім бойынша), теологтардың қатысуымен іс-шаралар өтеді.

Қазіргі таңда Семей қаласында 30 діни бірлестік жұмыс жүргізуде:

16-мұсылман;

2-православие; 

2-католик;

10-протестанттық; (1. Евангелдік христиан баптистер шіркеулерінің одағы

1.1. «Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуі» діни бірлестігі

1.2. «Евангелдік христиан баптистер шіркеуі» ЖДБ филиалы Семей қ.

1.3. «Евангелдік христиан баптистер шіркеуі» Құтқару» ДБ филиалы

  1. Елуінші күндік шіркеулер

2.1. «Өмірдің қайнар көзі» Христиан Евангелдік Елуінші күндік шіркеуі Семей қ.

2.2. «Семей қаласының евангелиялық сенімдегі христиандар шіркеуі «Түрлендіру» ЖДБ

2.3. Евангелдік христиан шіркеуі «Құдайдың елшілігі» ЖДБ

2.4. «Агапе» евангелиялық христиан шіркеуі ЖДБ

  1. Жетінші күн адвентистік шіркеуі

3.1. «Семей қаласының жетінші күн адвентистік христиандарының жергілікті шіркеуі» ЖДБ

  1. Иегова куәгерлері

4.1. «Иегова куәгерлерінің христиан қауымы» ЖДБ Семей қ

4.2. «Семейлік Иегова куәгерлерінің христиан қауымы» ЖДБ)

2026  жылы бөлімнің қолдауымен теолог-мамандарды тарта отырып, Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды (топта 23  мүше). Семей қаласындағы Дін мәселелері бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру топтары 2026  жылдың жарты жылына арналған жұмыс жоспары  және тұрғылықты жері бойынша деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен мақсатты кездесулерге назар аударуды ескере отырып жасалды;

Бөлім қызметкерлері мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қала тұрғындарымен жұмыс істеген кезде қоғам үшін дәстүрлі құндылықтарды, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайды, деструктивті діни ағымдар идеологиясының ықпалының салдарын түсіндіреді.

2026 жылдың жарты жылдығында    Семей қаласында жалпы саны 5000 адамды қамтитын 1809  ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Гендерлік құрамы: ерлер – 3468, әйелдер – 2471, оның ішінде жастар (14 жастан 35 жасқа дейін) – 4 627.

Сонымен, ішкі саясат бөлімінде теологтың штаттық бірлігі көзделмегендіктен, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен теологиялық жұмыс атаулы және топтық жұмыстар сияқты штаттық психологтар мен теологтар тарапынан жүргізіледі. 2026   жылдың жартыжылында    Семей қаласында  320 теологиялық, 150 психологиялық және 240 атаулы кездесу өткізілді.

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары «Facebook», «Вконтакте» Instagram әлеуметтік желілерде және БАҚ «Din Religion Semey» деген атпен жүргізіледі, онда ақпараттық-профилактикалық материалдар, роликтер, мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық және дәстүрлі діни бірлестіктер өкілдерінің экстремизмге қарсы тақырып бойынша сөйлеген сөздері орналастырылады.

«Семей», «ТВК-6» телеарналарында рухани-адамгершілік тәрбие және дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері көтеріледі. Қазіргі таңда орталық мешіт пен православие шіркеуінің жеке интернет-сайттары бар, онда әркім объективті ақпарат ала алады.

Қала әкімдігінің ресми сайтында этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттық материалдар орналастырылады.

Тұрақты негізде деструктивті діни ағым, терроризм, діни экстремизмді насихаттауды болдырмау мақсатында:

-БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде күнделікті мониторинг жүргізіледі.

- құқық қорғау органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде.

Қала мен облыс Құзыретті қызметтерімен тығыз байланыс орнатып, терроризм мен экстремизм идеяларын болдырмау мақсатында халық арасында жұмыс тұрақты жүргізіліп, барлығы бақылауда.

Документы
Ақпарат
08 июля 2025
"Семей қаласындағы жастар саясаты" бойынша ақпарат
Қағида
24 июня 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы
Ақпарат
16 мая 2024
«ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ
Новости
Полезные материалы
Семей қаласының әкімдері
Қоғам
Семей қаласының саяси партиялары және қоғамдық ұйымдары
Медиагалерея
1
116 16 Сенім телефоны
1
Семей-спорт қаласы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Семей қаласының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты