
2026 жылдың І тоқсан бойынша абаттандыру жөніндегі ақпарат.
«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ алаңдарды, саябақтар мен скверлерді күтіп - ұстау бойынша конкурстық рәсімдер 2025 жылғы 2 желтоқсанда өткізілгенін хабарлайды. Байқау қорытындысы бойынша «Зеленстрой Семей» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Кәсіпорын 39 алаңдар, саябақтар мен скверлерге күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетеді. Қыс мезгілінде күн сайын аумақтарды, скверлерді, саябақтарды және қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді, соның ішінде құмды механикаландырылған сыпыру, аумақты қолмен тазалау және сыпыру, қар қалдықтарын жуу, шығару, еріген суларды тазалау, қоқыс салатын жәшіктерді тазалау және басқа да жұмыстар түрлері. Қыс мезгілінде алаңдардан 21 050 м ³ қар шығарылды.
Қаланы жылумен жабдықтау «Теплокоммунэнерго» МКК-ның 21 қазандығымен және ТЭЦ-1 жүзеге асырылады. 74 орталық жылу пункті бар. Барлығы 96 қазандық агрегаты бар. Жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырмен есептегенде 346,71 км құрайды.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына жылу көздері мен жылу желілерін дайындау үшін жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде орындалды, бұл жылыту маусымын 2025 жылғы 29 қыркүйектен бастауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда «Қаражыра» АҚ-нан «Теплокоммунэнерго» МКК-ға 408 135 тонна көмір жеткізілді.
Орта есеппен «Теплокоммунэнерго» МКК тұйықтарына тәулігіне 30-35 вагон келіп түсті. Жылумен жабдықтаушы кәсіпорынның атына көмір тиеу үздіксіз жүзеге асырылды. Көмір сатып алу үшін бюджеттен 720,431 млн. теңге бөлінді.
Жылумен жабдықтау объектілерінде уақтылы орындалған жұмыстардың және тұрғын үй қорын дайындау сапасына қойылатын жоғары талаптардың нәтижесінде ағымдағы жылыту маусымында тұтынушылар тарапынан шағымдар саны айтарлықтай азайды.
Жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеді. Жылу желілері мен жылу көздерінің жабдықтарындағы авариялық жағдайлар жергілікті сипатта болды және нормативтік мерзімде жойылды.
Жалпы жылумен жабдықтау жүйесінде апаттылық өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 15,8% -ға төмендегені байқалады.
Жылу көздерінде 46 жағдай тіркелген, бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 78% -ға аз.