Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Оған әкімдік, кітапхана, клуб және Түрксіб орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ ардагерлердің балалары, немерелері мен шөберелері қатысты.
Ескерткішке жиналған қауым ерлік көрсеткен ата-бабаларына тағзым етіп, гүлдер қойды. Соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл шара ауыл өмірінде маңызды оқиғаға айналып, ұрпақтар сабақтастығы мен өз елінің тарихына деген терең құрметті көрсетті.