Мұқыр ауылының кітапханасында «Бір ел-бір кітап» 2025 акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденов «Жүрегіме жақын жырлар» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді

Мұқыр ауылының кітапханасында «Бір ел-бір кітап» 2025 акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденов «Жүрегіме жақын жырлар» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді

Сәуір айының 28-ші жұлдызында Мұқыр ауылының  кітапханасында тұрақты оқырмандар 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел-бір кітап» 2025 акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденов «Жүрегіме жақын жырлар» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында, ақынның «Темірқазық», «Менің Қазақстаным» кітаптарынан оқырмандар өздері ұнатқан «Ұстаз», «Күз», «Жартас», «Менің елім» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.
Мақсаты: жас ұрпақты ақынның бай мұрасымен сусындатып, өлеңдері арқылы рухани құндылықтарды насихаттау.