Мұқыр ауылында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық аясында «Кітапхана түні» атты ерекше акция өтті

Мұқыр ауылында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық аясында «Кітапхана түні» атты ерекше акция өтті

Мұқыр ауылында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық аясында «Кітапхана түні» атты ерекше акция өтті. Апталықтың үшінші күнінде өткізілген бұл іс-шара жергілікті тұрғындар мен кітапсүйер қауымға тың серпін берді.

«Кітапхана түні» акциясының мақсаты – кітапхананың тек кітап алуға арналған орын ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін мәдени, ақпараттық және коммуникативтік орталық екенін кеңінен таныту.

Іс-шара бағдарламасында:

• Жаңа кітаптарға шолу жасалып, оқырмандар заманауи әдебиеттермен танысты;

• «Аялдама» ойыны арқылы қатысушылар кітап тақырыптары төңірегінде ой бөлісті;

• Кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми ортада жылы сұхбат құрылды;

• «Сұрақ менен, жауап сізден» айдары аясында оқырмандар білімдерін сынап көрді;

• «Еркін микрофон» бөлімінде тұрғындар өз ой-пікірлерін, әсерлерін ашық білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, ауыл тұрғындары, әкімшілік өкілдері мен клуб ұжымы белсене қатысып, кештің мазмұнды өтуіне үлес қосты.

Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени өмірдің дамуына оң әсер етуде.