
Ертіс ауылдық округінің Прииртышское ауылында 2025 жылға арналған малдың жайылым маусымын ұйымдастыруға және елді мекендерді абаттандыру мәселелеріне арналған тұрғындармен жиналыс өтті. Кездесу барысында мал жаюдың негізгі мәселелері мен ережелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар, аумақты санитарлық-экологиялық тазартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сәуір-мамыр айларында жалпыреспубликалық сенбіліктер өткізілетіні хабарланды. Округ тұрғындарына тазалықты сақтаудың, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысудың маңыздылығы еске салынды.