"Әз Наурыз—жыл басы" Ертіс ауылдық округі Прииртышкое ауылында наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді

"Әз Наурыз—жыл басы" Ертіс ауылдық округі Прииртышкое ауылында наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді

"Әз Наурыз—жыл басы" Прииртышкое ауылында наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары бірлесіп өткізген мерекеде концерттік бағдарлама қойылып, ауыл тұрғындары "құда түсу","қыз ұзату","бесікке салу","тұсау кесу" сияқты салт-дәстүрлерден қойылымдар көрсетілді. Абайдың 180 жылдығына орай Абай мен Шәкәрім ауылдары тігіліп, ақындар шығармашылығын оқушылар мәнерлеп оқып, Абай мен Шәкәрімнің жылжымалы көрмелерін таныстырды. Ұлттық ойындар: арқан тару, қол күрес, гір көтеру,асық ату бойынша өткізілді. Прииртышкое құс фабрикасы ЖШС ұжымы және басшысы Науразбаев Балтабек Нұрғалиұлы демеушілік танытқан шарада 300 балаға мерекелік сыйлықтар беріліп, тегін наурыз көже таратылды. Мектепке арнайы шахмат тақтасы берілетін болды. Барлық мерекелік шараға қатысқан оқушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.