
Ауылдық әкімдік, кітапхана және клуб ұжымы бірлесе отырып, ауылдағы тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып қайтты. Кездесу барысында
Ұйымдастырушылар ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, оларға ақ тілектерін білдіріп, қариялардың соғыс жылдарындағы ерен еңбектері мен төзімділіктері үшін алғыс айтылды.
Ардагерлерге арнайы дайындалған сый-сыяпаттар мен мерекелік сәлемдемелер табыс етілді.
Қарттарымыз өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, елдің тыныштығы мен болашақ ұрпақтың амандығы үшін ақ баталарын берді. Бұл игі шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, өткен тарихқа тағзым етудің жарқын үлгісі болды.