Тағзым мен тазалық: Жеңіс ескерткіші ретке келтірілді

Тағзым мен тазалық: Жеңіс ескерткіші ретке келтірілді

​Бүгін, 5 мамыр күні Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында игі іс атқарылды. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ауылдың орталық саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
​Ауылдық әкімдік пен кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып, ескерткіш маңайын қоқыстан тазартып, ағарту және сырлау жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл шара — сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету мақсатын көздейді.