«Таза Қазақстан»: Ертіс ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: Ертіс ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ертіс ауданының әкімдігі елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша екі айлық тазалық науқанын жүргізуде.

Осы бағытта аудан бойынша тұрғындар арасында ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстары белсенді қолға алынды. Атап айтқанда, ауылдық округ мамандары үйлерді аралап, тұрғындарды өз аулалары мен іргелес аумақтарда сенбілік өткізуге шақырды.

Басты мақсат — ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Баршаңызды туған өлкеміздің гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

Тазалық — табалдырықтан басталады!