
Ветеринариялық пункт мамандарымен Мұқыр және Прииртышское ауылдарындағы барлық шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басы толық тексеруден өтуде. Қазіргі таңда бруцеллезге қарсы зерттеу үшін қан алу жұмыстары және аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстары бекітілген график бойынша атқарылуда.
Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін және округтегі тұрақты ветеринариялық жағдайды қамтамасыз етеді.