
Көктемгі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында инертті материалдармен (құм, қиыршық тас) мешкотараларды толтыру жұмыстары белсенді атқарылып жатыр. Мұқыр өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде — бұл судың арнасынан шығуын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер жоғары дайындық режимінде. Біздің мақсатымыз — әрбір тұрғын мен оның мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.