Аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы Ертіс ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы Ертіс ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Су басу қаупінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан дайындық шаралары пысықталып, арнайы техникалар мен су сору құралдарының дайындығы тексерілді.

 

Сапар барысында аудан әкімі төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірге Ертіс өзенінің жағалауына барып, су деңгейін бақылап, қауіпті учаскелерді қарап шықты. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына алдын алу шараларын күшейту, тәулік бойы мониторинг жүргізу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Аудан аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.