Ертіс ауылдық округінде орын алған табиғи құбылыстан кейін тұрғын үй секторын тексеру жұмыстары жедел қолға алынды.

Ертіс ауылдық округінде орын алған табиғи құбылыстан кейін тұрғын үй секторын тексеру жұмыстары жедел қолға алынды.

2026 жылғы 10 ақпанда қатты дауылды желдің салдарынан Прииртышское ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің шатыры ұшып кеткен болатын.
Келесі күні, 11 ақпанда,
Жаңасемей ауданы әкімінің төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі А. Болатов,
Жаңасемей ауданы ТЖБ бастығы А.Е.Жолдыбеков және
Ертіс ауылдық округінің әкімі А.Д. Тұрсынханов зардап шеккен нысанның тұрғын үй жағдайына егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, акт толтырды.
Мамандар зақымдану көлемін тіркеп, құрылыстың техникалық жағдайын бағалады.
Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты — біз үшін басты басымдық.