
Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылында қазақ өнерінің жарық жұлдызы, көрнекті композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.
Прииртыш ауылдық клубының ұйымдастыруымен өткен бұл кеш қазақ эстрадасының классигіне айналған тұлғаның шығармашылығын дәріптеуді мақсат етті. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, келешек ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін оятары сөзсіз.