
Қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндері бойынша өткен облыстық «Ой-сандық» зияткерлік байқауына Жаңасемей ауданының педагогтері қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Соның ішінде жұптық кезеңнің нәтижесі бойынша Жаңасемей педагогтері жүлделі орындарға ие болды.
🏆 Жұптық кезең нәтижелері:
🥇 Бас жүлде – Сапенов Е., Зияшова А.
🥈 І орын – Ракишев Ж., Мәнапова М.
🥉 ІІ орын – Қанағатова А., Жаукенова Б.
Жаңасемей ауданының педагогтерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! 👏
Алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер, Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!