
Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округінің әкімдігінде 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әкімдік қызметкерлері тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында консультациялық және құжат қабылдау жұмыстарын үйлестіріп жүргізуде. Мамандар АӘК алуға үміткер отбасыларға қажетті құжаттар тізімін нақтылауға, өтініштерді дұрыс толтыруға және табысты тағайындау мәселелері бойынша кеңес беруге дайын.
Атаулы көмек 2025 жылдың алдыңғы тоқсаны үшін орташа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі.
Өтініштерді әкімдікке тікелей, сондай-ақ электронды түрде Egov порталы арқылы немесе ХҚКО арқылы тапсыруға болады.