2025 жылғы 3 маусымда, республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Ертіс ауылдық округіне қарасты Прииртышское және Мұқыр ауылдары аумақтарында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ТҚҚ) жиналатын орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы техниканың көмегімен жиналған барлық қоқыс топтастырылды.