1 сәуір күні Достық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алды

1 сәуір күні Достық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алды

1 сәуір күні Достық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алды. Іс-шараға ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, мәдениет үйі, кітапхана, дәріхана және әлеуметтік қызметкерлер белсенді түрде қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – ауыл аумағында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Алғашқы күні қатысушыларға тазалықтың маңыздылығы түсіндіріліп, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.
Аталған бастама аясында ауыл көшелерін тазалау, қоғамдық орындарды ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Ұйымдастырушылар барлық тұрғындарды тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырады.